Қар құрсауында қалған 32 адам тікұшақпен эвакуацияланды

Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Қар құрсауында қалған 32 адам тікұшақпен эвакуацияланды
Абай облысы ТЖД
1119

ШҚО әкімдігінің МИ-8 әуе бөлімшесінің тікұшағымен қар құрсауынан тағы 32 адам, оның ішінде 1 бала эвакуацияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қорғанысминінің МИ-17 тікұшағымен 12 адам эвакуацияланды.
 

«Жолаушылар автобусынан Вахта автокөлігіне дейін өтімділігі жоғары техниканың көмегімен 30 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды.
Сонымен қатар зардап шеккен 4 адам туралы ақпарат бар. Үсік дәрежесі белгіленуде», – делінген хабарламада.


Эвакуацияланғандар Қалбатау ауылына жеткізілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Уақытша жылыту пунктіне орналастырылды.

Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары