1303
Дариға Бадықова көрермендерге тағы бір жаңа кино ұсынбақ
Өнер иесі бұл жолы «Тастаймын-ау сені» атты киноны түсіруді бастап кеткен.
Танымал актриса Дариға Бадықова көрермендер көңілінен шыққан алғашқы туындысы «Таптым-ау сені» фильмінен кейін, тағы бір тың туындыны жарыққа шығаруды жөн көрген. Бұл туралы ол туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.
Өнер иесі бұл жолы көрермендерге «Тастаймын-ау сені» атты киноны ұсынбақ. Аталмыш фильмнің тұсаукесері мамыр айына жоспарланған.
«Құрметті болып өмір сүрген жақсы, бірақ жауапкершілігі үлкен! Badykova production мен Олжас Абай коллоборациясынан тағы бір жаңа туынды. Мамыр айында еліміздің барлық кинотеатрларында ерекше жанрдағы фильмді күтіңіздер», - деп қызықтырып қойды Бадықова.