3660
Павлодарда көпқабатты үйден құлаған әйел көз жұмды
Әйел ауруханаға түскеннен кейін үш сағаттан соң қайтыс болды.
Павлодарда көпқабатты үйден құлаған әйел қаза болды, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен адам өте ауыр жағдайда ауруханаға түскен.
Павлодар қаласының бірінші қалалық ауруханасында әйел адам жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.
«Өкінішке қарай, ол ауруханаға түскеннен кейін үш сағаттан соң қайтыс болды», – деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, жедел жәрдем қызметіне 51 жастағы қала тұрғынының құлап кеткені туралы шақырту 13 ақпанда сағат 17.03-те түскен. Дәрігерлер оқиға орнына төрт минутта жеткен. Куәгерлердің айтуынша, әйел көпқабатты үйдің терезесінен құлаған.