Атырау облысында 7 вагон рельстен шығып кетті

Зардап шеккендер жоқ.

Атырау облысында 7 вагон рельстен шығып кетті
Атырау облысы ТЖД
1654

Жылыой ауданы «Құлсары» теміржол стансасында поезд вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

AtyrauPress сайтының мәліметінше, «Құлсары» теміржол стансасында «Теңізшевройл» ЖШС-не тиесілі тепловоздың 7 бірлік жартылай вагондарының рельстен шығып кету фактісі болды. Тепловозда жалпы 62 вагон болған.

Атырау облысы төтенше жағдай департаменінің қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, вагондарда күкірт тиелген. Зардап шеккендер жоқ және күкірт далаға төгілмеді.

«Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін Мақат ауданы «ҚТЖ ҰК» АҚ-ның қалпына келтіру пойызы шықты. Осы жағдайға байланысты Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінде қауырт желі ұйымдастырылып, жедел штаб жұмыс істеуде және  тиісті шаралар атқарылып жатыр», - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобындағылар. 

Серіктес жаңалықтары