Таразда жүргізуші куәлігін саудаға салған қылмыстық топ ұсталды

Күдіктілер қатарында халыққа қызмет көрсету орталығының басшылары да бар.

Таразда жүргізуші куәлігін саудаға салған қылмыстық топ ұсталды
kstnews.kz
824

Таразда жүргізуші куәлігін бірнеше жыл бойы саудаға салған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Qazaqstan арнасының мәліметінше, күдіктілер қатарында халыққа қызмет көрсету орталығының басшылары да бар.

Олар лауазымды қызметін теріс пайдаланып, оқыту сабақтарының сертификатын сұрамаған. Тіпті, көлік басқаруды тәжірибе жүзінде тексермей, куәлік санаттарын ақшаға сатып келген.

Сондай-ақ, сыбайластар арасында Жамбыл,Түркістан облысы және Алматы мен Шымкент қалаларының тұрғындары бар. Бетін тұмшалаған арнайы жасақ біразын жұмыс орнынан, кейбірін тұрғылықты жері бойынша тұтқындады. Ал полиция құрықталғандардың қанша млн теңге табыс тапқанын әзірге құпия қалдырып отыр.

«Тіркелген қылмыстық істер аясында тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазіргі уақытта жүргізуші куәліктерін заңсыз берудің 35 дерегі анықталып, қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен орындаушылар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – деді облыстық ПД бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.

Серіктес жаңалықтары