Атырау облысында 15 адам құтқарылды

Авариялық – құтқару жұмыстарына 5 адам, 2 бірлік техника қатысты.

Атырау облысында 15 адам құтқарылды
gov.kz
1887

Атырау облысында батпақты жерде қалған 15 адам құтқарылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Облысық ТЖД мәліметінше, 11 ақпанда Атырау облысы Исатай ауданына қарасты қыстақтардың бірінен Тұщықұдық ауылына қарай бағыт алған 3 автокөлік батпақты жерге батып, шыға алмай қалған.

Исатай ауданы №6 ӨСБ-нің байланыс бекетіне сағат  23:10 – да  шақырту түсті. Құтқарушылар авариялық құтқару – жұмыстарын жүргізуге дереу жұмылдырылды.

Нәтижесінде батпаққа батқан 3 автокөлікті Тұщықұдық ауылынан 20 км қашықтықтан тапты. Құтқарушылар барлығы 15 адамды оның ішінде 8 баланы құтқарып, Тұщықұдық ауылына эвакуациялады. Құтқарылған адамдар медициналық көмекті қажет етпеді, - делінген хабарламада.

Авариялық – құтқару жұмыстарына Исатай ауданы №6 ӨСБ, ЖАО барлығы 5 адам, 2 бірлік техника қатысты.

Серіктес жаңалықтары