Бірқатар құтқарушылар мен медицина қызметкерлері наградаға ұсынылды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Бірқатар құтқарушылар мен медицина қызметкерлері наградаға ұсынылды
Zakon.kz
979

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев боранда жолда қалған азаматтарға көмектескен құтқарушылар мен медицина мамандарына алғыс айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Жуырда еліміздің бірқатар өңірінде табиғат тосын мінез танытып, жағдай қиындаған кезде жергілікті атқарушы биліктің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету саласының өкілдері, сондай-ақ басқа да азаматтар халықтың қамы үшін жанқиярлықпен еңбек етті, - делінген Ақорданың баспасөз хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев олардың бәріне шын жүректен алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары