Газа секторында қаза тапқандар саны 28 мыңнан асты

Жергілікті ведомство соңғы 24 сағат ішінде ауруханаларға 117 өлген адамның денесі жеткізілгенін хабарлады

Газа секторында қаза тапқандар саны 28 мыңнан асты
Ашық дереккөз

Израиль әскери операциясының нәтижесінде Газа секторында қаза тапқандар саны 28 мыңнан асты. Бұл туралы Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Палестина-Израиль қақтығысының күрт шиеленісуі басталғаннан бері Газа секторында 28 мыңнан астам адам қаза тапты. Мұндай деректерді Газа Денсаулық сақтау министрлігі келтірді.

Ведомствоның айтуынша, Израильдің анклавтағы операциясының құрбандарының саны бүгінгі күнге дейін 28 064 құрайды. Сонымен қатар мәлімдемеде осы кезеңде - 2023 жылдың қазан айының басынан бастап - Израиль күштерінің бомбалауы мен оқ жаудыруы кезінде Газада 67 611 палестиналық жарақат алғаны көрсетілген.