896
Астанада қала маңына қатынайтын бірнеше автобус уақытша тоқтатылды
Бұл туралы «City Transportation Systems» компаниясы хабарлады.
![Астанада қала маңына қатынайтын бірнеше автобус уақытша тоқтатылды](https://turkystan.kz/cache/imagine/1200/uploads/resized-images/2024/02/1707294922.jpg)
Елордада күн райының бұзылуына байланысты қала маңына қатынайтын бірнеше автобус уақытша тоқтатылды, деп хабарлады turkystan.kz «City Transportation Systems» компаниясына сілтеме жасап.
«№305, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 327, 328, 329 қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы ауа райының нашарлауына байланысты уақытша тоқтатылды», – делінген хабарламада.
Қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар линияда.