Олжас Бектенов Премьер-Министр болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Олжас Бектенов Премьер-Министр болып тағайындалды
akorda.kz

Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.