Өскеменде 6 көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

Жол апаты қаладағы Әуезов даңғылында болған.

Өскеменде 6 көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті
ашық дереккөз
726

Өскемен қаласындағы орталық көшелердің бірінде алты көлік соқтығысып, 5 адам, оның ішінде 1 бала зардап шекті, деп хабарлады turkystan.kz.

Astana арнасының мәліметінше, жол апаты қаладағы Әуезов даңғылында болған. 

«Ssanq Yong автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі М.Горький көшесінен Әуезов даңғылына шығып келе жатқанда Mitsubishi көлігімен соқтығысқан. Сол соққыдан кейін жол-көлік оқиғасына екі ГАЗ, Lexus және Lada Granta көліктері де тап болды. Ssanq Yong жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

5 адамға, оның ішінде бір балаға медициналық көмек қажет болды. Абырой болғанда, ауыр жарақат алғандар жоқ.

Серіктес жаңалықтары