Қазақстандық конькишілер Жапонияда 10 жүлде жеңіп алды

Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы мәлім етті.

Қазақстандық конькишілер Жапонияда 10 жүлде жеңіп алды
Спортты дамыту дирекциясы
798

Жапонияның Хачинохе қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасындағы әлем кубогының үшінші кезеңі өз мәресіне жетті.

Нео-сеньорлар арасындағы «Team Sprint» командалық жарысы:

Әйелдер — алтын (1 минут 33.82 секунд)
Ерлер — қола (1:28.02)

Жасөспірімдер арасындағы «Team Sprint» командалық жарысы:

Әйелдер — күміс (1:31.47)
Ерлер — қола (1:23.89)
1000 метрге жүгіру (нео-сеньорлар):
Маргарита Артемьева — күміс (1:22.03)
Мария Кузнецова — қола (1:23.84)

500 метрге жүгіру (нео-сеньорлар):

Маргарита Артемьева — алтын (40.86 секунд)
Мария Кузнецова — қола (41.38)

1500 метрге жүгіру (нео-сеньорлар):

Алена Лифатова — қола (2 минут 12.01 секунд)

Жаппай старт (нео-сеньорлар):

Маргарита Артемьева — күміс (6 минут 48.84 секунд)

Сондай-ақ, Жапонияда 2023/2024 жылғы әлем кубогының барлық кезеңіндегі ұпайлар қосындысы бойынша маусымның ең мықты спортшылары анықталды.  

Бұл тізімде біздің жерлестеріміз көш бастап, жеңіс тұғырынан көрінді.

Нео-сеньорлар
Әйелдер арасындағы командалық жарыс — 1 орын
Ерлер арасындағы командалық жарыс — 2 орын

Жаппай старт

Мария Кузнецова — 3 орын

500 м

Маргарита Артемьева — 1 орын
Инесса Шумекова — 3 орын

1000 м

Инесса Шумекова — 2 орын
Алена Лифатова — 3 орын

Жасөспірімдер

Әйелдер арасындағы командалық жарыс — 2 орын

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) маусымның үздіктері деп таныған спортшыларға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.

Серіктес жаңалықтары