Аса ауыр қылмыс жасаған 3 жігіт іздестіріліп жатыр (ФОТО)

Оралда зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды.

Аса ауыр қылмыс жасаған 3 жігіт іздестіріліп жатыр (ФОТО)
ашық дереккөз
1017

Оралда «аса ауыр қылмыс жасағаны үшін» үш ер адам іздеуге жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

WhatsApp мессенджерінде Абай полиция бөлімінің хабарламасы таралуда. Хабарламада үш ер адам «аса ауыр қылмыс жасағаны үшін» іздестіріліп жатқанын жайлы жазылған.

Олардың қандай қылмысы үшін іздестіріліп жатқаны белгісіз. Жігіттерді Оралда жас жігіттің өліміне қатысты іздестіріліп жатқаны туралы айтылған аудио хабарлама да тараған.

БҚО Полиция департаментінің хабарлауынша,  2 ақпан күні сағат 08:10-да Дәулеткерей көшесіндегі үйлердің бірінің жанынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған.

Алайда департамент бұл қылмысқа іздеудегі 3 жгіттің қатысы бар-жоғын нақтыламады.

«Абай полиция басқармасы кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған қылмысты ашуға және күдіктіні анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Басқа мәліметтер ҚК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген полиция таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары