Жол үстінде шарап ішіп, ваннаға түскен блогер қамауға алынды

Сот шешімімен түсірілім кейіпкері 15 тәулікке қамауға алынды

Жол үстінде шарап ішіп, ваннаға түскен блогер қамауға алынды
Видеодан алынған кадр
1247

Блогер қызық контент түсіру үшін Талғар қаласының орталығындағы жаяу жүргіншілер өткелінде ваннаға жатып, шарап ішкен, деп хабарлады turkystan.kz nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол таңданған жүргізушілер мен өтіп бара жатқан адамдардың көзінше киімімен көбікке барып жата қалады. Бірақ бұл «тамаша» полиция қызметкерлері келісімен тоқтатылған.

Патрульдік полиция ротасы патрульдеу кезінде Талғар қаласының орталық көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтірген 24 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Сонымен бірге, оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратқан басқа да қатысушылар анықталып, ұсталды, - деп хабарлады полиция.

Жол қозғалысына кедергі келтіргені, көлікті қою және тоқтату ережелерін сақтамағаны, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін құқық бұзушыларға қатысты бірқатар әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен түсірілім кейіпкері 15 тәулікке қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары