Сейсмологтар магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісін тіркеді

MSK-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәлімет жоқ

Сейсмологтар магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісін тіркеді
Ашық дереккөз
1184

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 3 ақпанда сағат 14:36-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 252 шақырым қашықтықта – Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.9. MPV магнитудасы – 5.3. Координаттары – солтүстік-батыс бойынша 41.18° с.ш. 78.53° ш.б. Тереңдігі – 5 шақырым.

MSK-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Серіктес жаңалықтары