Майқайыңда опырылған жерде жарық пайда болды
«Майқайыңалтын» АҚ аумағында авариялық-құтқару жұмысы жалғасуда
Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» АҚ аумағында опырылған жерде экскаваторлар топырақ пен тау жыныстарын қайта экскавациялаумен айналысып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Автобус құлаған жерде жарық пайда болды. Бұл өте қауіпті.
Магнитометрмен және геосканермен топырақты зерттеу кезінде GRP Ridder grupp ЖШС мамандары қазылып жатқан жердің одан сайын опырылып кетуі мүмкін екенін ескертті. Өйткені, тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде тұрақтылықтың «призмасы» бұзылуы мүмкін. Яғни, шұңқыр қабырғалары опырылып кетеді. Сонымен қатар, аяз бен боран жұмысты қиындатуда. Мұның бәрі құтқарушылардың өміріне қауіп төндіреді, – делінген хабарламада.
«Майқайыңалтын» АҚ аумағында авариялық-құтқару жұмысы жалғасуда. Әзірше жұмысты тоқтату туралы шешім қабылданған жоқ.