Павлодарда жас жігіт көлігімен бірге өртеніп кетті

Өртті сөндіруге жеке құрамның 5 қызметкері мен бір техника жұмылдырылған

Павлодарда жас жігіт көлігімен бірге өртеніп кетті
pixabay.com
1061

Павлодардағы аулалардың бірінде қаңтарулы тұрған «Лада Гранта» жеңіл көлігі таң алдында өртенген. Өрт сөндірушілер машинаның жанынан жас жігіттің күйіп кеткен мүрдесін тапты, деп жазады turkystan.kz Павлодар облысы төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға Толстой көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болған.

2 ақпан күні таңертеңгі сағат 5.31-де жеңіл машинаның өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Үй ауласында тұрған ВАЗ-2190 көлігі толығымен жалынға оранған. Құтқарушылар өртті сөндіру барысында машинаның жанынан өртеніп кеткен жігіттің мүрдесін тапты. 2001 жылы туған азаматтың өлім себебі анықталуда, - делінген хабарламада.

Жалын сағат 5.48-де толықтай жойылған, себеп-салдары анықталуда. Өртті сөндіруге жеке құрамның 5 қызметкері мен бір техника жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары