Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды

Ел чемпионатының жүлдесіне таласатын балуандар арасында ұлттық құрама үздіктері де бар.

Астанада күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды
vesti.kz

1-5 ақпан аралығында Астанада күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі өтеді, деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінің шеберлері кілемге шығады. Ел чемпионатының жүлдесіне таласатын балуандар арасында ұлттық құрама үздіктері де бар. 

Атап айтар болсақ, Исхар Құрбаев, Айдос Сұлтанғали, Сұлтан Әсетұлы, Алмат Кебіспаев, Мейіржан Шермаханбет, Демеу Жадыраев, Азат Садықов, Мақсат Ережепов, Әлімхан Сыздықов сынды әлемдік жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері сынға түседі. 

Чемпионат қорытындысы бойынша сәуір айында Қырғызстанда өтетін Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысатын спортшылар анықталады.