«Шексіз ризамын»: Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне мәлімдеме жасады

Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне алғыс айтты.

«Шексіз ризамын»: Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне мәлімдеме жасады
ашық дереккөз

Әлемге танымал қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне алғыс айтты. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Құрметті достар, сүйікті Dears!

Бүгін мен үшін өте маңызды күн. Себебі біз жетінші мерейтойымызды атап өткелі жатырмыз! Өздеріңіз білесіздер, 7 саны қазақ халқы үшін қасиетті сан. Сондықтан мен сіздермен бірге болған 7 жылымның әрбір сәтіне шексіз ризамын.
Мен өзімнің шығармашылығымды сіздермен бөлісіп паш ете алатынымды және сіздермен бірге керемет естеліктер жасағанымды мақтан тұтамын.
Қолдауларыңыз үшін мың алғыс! Әрқашан бақытты болыңыздар!
Алдағы болатын концертімде кездескенше!», – деді Димаш Құдайберген.