Ауа райына байланысты 2 облыста жол жабылды

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ауа райына байланысты 2 облыста жол жабылды
ашық дереккөз

Жамбыл және Түркістан облыстарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

«31 қаңтар сағат 12.30-дағы ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді», – делінген хабарламада.

Жамбыл облысында– 1 учаске

  • «Алматы-Ташкент-Термез» 534-593 км, Айша Бибі а. – Түркістан обл. шек– 59 км.

(бұрқасын, шектеулі көрініс).
 

Түркістан облысында – 1 учаске

  • «Алматы-Ташкент-Термез» 593-652 км, Түркістан обл. шек.- Машат к. – 59 км.

(Жамбыл облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 699 бірлік техника және 1419 жолшы жұмылдырылды.