Қазақстандық каратэшілер Парижде үш медаль еншіледі

Аталмыш турнирде әлемнің 66 елінен 366 спортшы қатысты.

Қазақстандық каратэшілер Парижде үш медаль еншіледі
ҚР Спорт комитеті
801

Каратэден 26-28 қаңтар аралығында Париж төрінде өткен премьер-лига бәсекесінде жерлестеріміз 3 қола жүлде иеленді.

ҚР Спорт комитетінен мәлім еткендей, 50 келі салмақта Мөлдір Жаңбырбай, 55 келіде Гүлмира Үсенова және +84 келі салмақта Абылай Төлтай каратэден премьер-лига бәсекесінде қола жүлдеге қол жеткізді.

Аталмыш турнирде әлемнің 66 елінен 366 спортшы 10 салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салды. 

Қазақстандық спортшылардың әлемдік рейтингтегі көрсеткіші:

Әйелдер
2-орын. Софья Берульцева (+68 келі) 
3-орын. Мөлдір Жаңбырбай (50 келі) 
3-орын. Әсел Қанай (61 келі)
3-орын. Лаура Әліқұл (68 келі) 
7-орын. Гүлмира Үсенова (55 келі)

Ерлер
2-орын. Дидар Әмірәлі (67 келі) 
3-орын. Қайсар Алпысбай (60 келі) 
6-орын. Нұрқанат Әжіқанов (75 келі) 
7-орын. Абылай Төлтай (+84 келі) 
13-орын. Данияр Юлдашев (84 келі).

Серіктес жаңалықтары