Павлодарда ер адам оныншы қабаттан құлап, көз жұмды

Медициналық бригада оқиға орнына сегіз минутта жетті.

Павлодарда ер адам оныншы қабаттан құлап, көз жұмды
tengrinews.kz

Павлодарда ер адам оныншы қабаттан құлап кеткен. Ол көмек келгенге дейін көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, Назарбаев даңғылы бойындағы көпқабатты тұрғын үйден адам құлағаны туралы хабарлама түскен. Медициналық бригада оқиға орнына сегіз минутта жетті. 

Дәрігерлер келгенге дейін 48 жастағы ер адамның оныншы қабаттан құлағаны анықталды. 

Облыстық полиция департаменті аталған фактіге қатысты әзірге түсінік берген жоқ.