Павлодар қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Мемлекеттік қызмет өтілі 12 жылдан асады.

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
gov.kz

Павлодар әкімінің өкімімен қала басшысының орынбасары болып Аманов Әнуарбек Дүйсембайұлы тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Әнуарбек Дүйсембайұлы 1986 жылы туған, екі жоғары білімі бар. 2008 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «автомобиль және трактор жасау», 2020 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 2009 жылы Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман болып бастады.

2009 - 2023 жылдар арасында Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінде қатардағы маманнан бастап, бөлім басшысының орынбасары, бөлім басшысы лауазымына дейін қызмет атқарды.

2023 жылдың ақпан айынан бастап осы күнге дейін Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

Мемлекеттік қызмет өтілі 12 жылдан асады.