Петропавлда көпқабатты үйдің шатыры опырылып түсті

Әкімнің айтуынша, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің негізгі бөлігі 80-жылдары салынған

Петропавлда көпқабатты үйдің шатыры опырылып түсті
instagram/serik__mukhamediev
812

Петропавлда бес қабатты тұрғын үйдің шатыры жартылай опырылып түсті, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қала әкімі Серік Мұхамедиев өзінің Instagram парақшасында бұл үйдің төбесі ешқашан жөнделмегенін айтты.

Соңғы күндері қалада қалың қар жауды. Жауын-шашынның мөлшері нормадан екі есе көп болды. Қар мен мұздың жиналып қалуына байланысты, бүгін Абай көшесі, 84-і үйдің төбесі ішінара опырылып түсті. Айта кету керек, мұнда шатырды жөндеу жұмыстары ешқашан жасалмаған екен. Қазіргі уақытта мамандар үйдің төбесін тексеріп жатыр, - дейді Серік Мұхамедиев.

Әкімнің айтуынша, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің негізгі бөлігі 80-жылдары салынған.

Біразында жөндеу жұмыстары осы күнге дейін жүргізілмепті, үйдің жай-күйіне меншік иелері тарапынан тиісті назар аударылмаған, - дейді Серік Мұхамедиев.

Төтенше жағдайға байланысты әкім қала тұрғындары мен коммуналдық қызметкерлерге шатырларды қар мен мұздан тазартуды сұрады.

Серіктес жаңалықтары