Стамбұлда шіркеуге шабуыл жасалды

Беттерін тұмшалаған 2 адам шіркеудегі тұрғындарға бейберекет оқ атқан

Стамбұлда шіркеуге шабуыл жасалды
twitter.com/ragipsoylu

Стамбұлда католик шіркеуіне шабуыл жасалды. Салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарақат алғандар бар. Бірақ нақты саны әзірге белгісіз.

Жергілікті полицияның мәліметінше, беттерін тұмшалаған 2 адам шіркеудегі тұрғындарға бейберекет оқ атқан. Оларды бұл әрекетке не итермелегені әзірге белгісіз. Қаскөйлер іздестіріліп жатыр.