Анасын іздеген Жәнібек қазақ тілін үйрене бастады

Жәнібек қазақ тілінде жазып қана қоймай, жазбасын қазақша дыбыстаған

Анасын іздеген Жәнібек қазақ тілін үйрене бастады
instagram/muratsaveliev
1022

Қазақстанға келіп туған анасын іздеп жүрген Жәнібек (Jani Eddy J Saveliev) қазақ тілін үйренуге мықтап кіріскен сияқты. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп жазады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Жәнібек қазақ тілінде жазып қана қоймай, жазбасын қазақша дыбыстаған. 

«Менің арманым туралы - терең мұхитке сүңгу. Соңғы бірнеше күнде  диплом алдым. Мен сізді өзіммен бірге арманыма апарғым келеді, қазақша сөйлеп (сөйлеуге тырысып).

Қазақстан және қазақ халқы менің өмірімді өзгертті. Менің әлемге көзқарасым және сезімдерім оң дамыды. Сізге тағы да рахмет», деп жазба қалдырды Жәнібек.

 

Серіктес жаңалықтары