Маңғыстау облысында ағасы мен қарындасын көршісі пышақтап кеткен

Күдікті ер адам мас болған

Маңғыстау облысында ағасы мен қарындасын көршісі пышақтап кеткен
Ашық дереккөз
1626

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылында ағасы мен қарындасын көршісі пышақтап тастады, деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

20 жастағы жігіт пен оның 14 жастағы қарындасы көршісінен зардап шеккен.

Полицияның мәліметінше, күдікті ер адам мас болған.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу барысы бақылауда. Өзге ақпарат жария етілмейді, - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы – орташа ауыр.

Зардап шеккендер – 20 жастағы жігіт пен оның 14 жастағы қарындасының жағдайы орташа ауыр, жақсару динамикасы бар. Оларға шұғыл операция жасалды, - деді Жетібай ауылдық ауруханасының директоры Берік Қауынов.

Серіктес жаңалықтары