Үздік газет, үлгілі редакция

Ағалар салған абы­рой­лы жолдан ай­нымауды, аманатқа қиянат жа­самауды ойлап, Túrkistan-ды сол биігінен түсірмеуге тырыстық.

Үздік газет, үлгілі редакция
turkystan.kz
962

Айтылуға тиіс, ескерусіз қалдыруға келмейтін сәттер, оқиғалар болады. Әсіресе, баспасөздің тарихына қатысты жайттар елеусіз қалмауға тиіс. Биыл Túrkistan ха­лықаралық газетінің жарыққа шыға бастағанына 30 жыл толды. Елдің, еге­мендіктің тарихымен етене болған еларалық басылымның орны, жөні әркез бөлек. Túrkistan газеті туралы сөз еткенде, басылымның негізін қалаған қазақтың сақа қа­ламгері Қалтай Мұхамеджановтың, қатар, қанаттас еңбек еткен, бүгінде дүниеден оз­ған Әбілмәжін Жұмабаев, Нұрқасым Қазыбеков, Әбіраш Жәмішев, Дидахмет Әшімханұлы сынды атпал азаматтардың есімдерін айтпай кету әбестік болар. 

Осыдан бес жыл бұрын Túrkistan-ның ши­рек ғасырлық мерейтойы қарсаңында ба­сылымға өлшеусіз еңбегі сіңген алдыңғы тол­қын ағаларға, өткенге құрметімізді біл­дір­мек ниетте бұрын газетте жарияланған ма­териалдарды іріктеп, жинақ етіп шығар­дық.  Архив ақтарып, сарғайған, шаң басқан газет тігінділерін қайта парақтап отырып, не­бір кестелі сөз, көшелі ойдың алтын ке­ні­не кез болғандай күй кештік. Әрбір ма­те­риал­ды қызыға, құныға оқып шықтық, сон­да. Осы ісіміз кейінгі жоспарымызға да жол сілте­ген­дей болды. Ағалар салған абы­рой­лы жолдан ай­нымауды, аманатқа қиянат жа­самауды ойлап, Túrkistan-ды сол биігінен түсірмеуге тырыстық. 

Журналистеріміз ел арасында қорда­ла­нып қалған түйінді мәселелер жөнінде өн­дірте жазды. Әсіресе, атажұртқа қоныс ау­дар­­ған қандастардың мұң-мұқтажы туралы өткір-өткір мақала, сұхбатты дүркін-дүркін жа­рияладық. Артынша газетте көтерілген мә­селе бойынша тиісті мекемеге хат жолдап, оң шешілуіне ықпал етіп отырдық. Бір ғана мы­сал, Астанадағы Нұрбесік шағын ауда­ны­ның тұрғындары көп жылдан бері құ­жат­та­рын рәсімдей алмай, бармаған жері, ашпаған есі­гі қалмаған еді. Осы мәселені бірнеше рет га­зет бетінде қозғап, құзырлы орындарға та­банды түрде хат жазғанымыздың ар­қа­сын­да сең қозғалып, қандастардың құжат­тары реттелетін болды.  Осылайша, өзіне тиесілі мал-мүлкіне қолы жетпей қиналған, құ­жатын реттей алмай сенделген, жазықсыз жа­па шеккен, тағы сондай қиын, күрделі жағ­дайға тап болған жандардың көңіліне ша­ма-шарқынша газет арқылы демеу бола біл­дік деп ойлаймын. Осы «Атажұрт» айда­рын тұрақты жүргізген тілшіміз, жазушы Ба­қытбек Қадыр бірнеше байқауда жеңімпаз атан­ды. Солардың ең соқталысы – «Алтын то­былғы» әдеби байқауында бас жүлдеге ие болуы.  

Газетіміз шетелдегі қазақтармен де үнемі бай­ланыста болып, олардың тыныс-тіршілігі туралы үзбей жазып тұрды. Әлемнің түпкір-түпкірінде, Google, Apple, Facebook секілді та­ғы басқа алпауыт компанияларда жұмыс істеп жүрген қандастардың өмір жолы, еңбек тәжірибесі жөніндегі қызықты, та­ғылымды сұхбаттары да оқырмандар та­ра­пынан оң бағасын алып жатты. Осы ай­дарды бірнеше жылдан бері тұрақты жүргізіп, бір кітапқа арқау боларлық материал жазған тіл­шіміз, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Әлия Тілеужанқызы Президенттің Жар­лы­ғы­мен «Шапағат» медаліне ие болып, «Шаңы­рақ» байқауында бас жүлдені жеңіп алды. 

Айтпақшы, сол Әлияның бір сұхбатына Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың өзі назар аударып, Қазақстанның Оң­түс­тік Кореядағы елшісі мен екі ми­нистрге ар­найы тапсырма берді. Сеулдегі Хангук шет тіл­дер университетінің Орталық Азия фа­куль­тетінің қызметкері кәріс қызы Цой Ен Сон Túrkistan газетіне берген сұхбатында «Қа­зақ-кәріс сөздігін құрастыруға көмек­те­се­тін маман іздеймін» деген болатын. Атал­ған оқу орнында қазақ тілін оқыған ол елге, тілге деген ықыласын білдіреді сол сұхбатта. Есі­мін қазақша Нұрай деп атағанды қалай­тын Ён Сонға Президент арнайы хат жолдап, ол хатты Қазақстанның Корея Респуб­ли­ка­сын­дағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев табыс етті. Мемлекет басшысының хатында «Сенің Túrkistan  газетінде жарияланған сұхба­тың­ды ықыласпен оқып шықтым.  Қазақ тілін же­тік меңгеріп, өзгелерге, әсіресе жастарға жақ­сы үлгі көрсеткенің үшін ризашы­лы­ғым­ды білдіремін. Қазақ-кәріс сөздігін әзірлеу тура­лы игі бастамаңмен танысып, еліміздің Сырт­қы істер министрі мен Білім және ғы­лым министріне тапсырмамды бердім»  де­лін­ген. 

Сонымен қатар редакция қызметкерлері га­зет шығарып қана қоймай, қоғамдық жұ­мыс­қа да жиі араласты. Айталық, қырғыздың Ыс­тықкөлінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университетінің Журналистика фа­куль­теті Túrkistan газетімен бірлесе ұйым­дас­тырған Жазғы медиа мектепте біздің қыз­меткерлер жас журналистерге дәріс оқып, көршілес елдерден келген сала ма­ман­да­рымен тәжірибе алмасты. Үстел те­нни­сі­нен, боулингтен журналистер арасында жа­рыс ұйымдастырып, өзге ақпарат құрал­дарындағы әріптестердің ынтымақ-бірлігін ны­ғайтуға үлес қосты. 

2021 жылы Túrkistan халықаралық газеті URKER ұлттық сыйлығында «Жылдың үздік га­зеті» аталымын жеңіп алды. Әріптес­тері­міз­дің ұзақ жылдан бергі еңбегі ескеріліп, Таң­сұлу Алдабергенқызы, Ахмет Өмірзақ, Ди­нара Мыңжасарқызы, Бейбіт Тоқтарбай, Ділдә Уәлибек, Әлия Тілеужанқызы, Арайлым Жолдасбекқызы сынды бірнеше қызмет­кері­міз Президенттің, сала министрлігінің, қо­ғам­дық ұйымдардың атаулы марапаттарына ие болды. 
Túrkistan газетінің отыз жылдық мерей­тойы қарсаңында барлық әріптестеріме ал­ғыс айтқым келеді. Әсіресе, осындай то­лайым мүмкіндікке жол ашып, бізге сенім біл­діріп, зор жауапкершілік жүктеген сол кез­дегі басшымыз Ләззат Танысбайға алғы­сым шексіз. 

Баспасөздің маңайында жүрген әріп­тес­терім біледі, бүгінгідей құндылығы қым-қи­ғаш қоғамның талабы мен талғамына сай га­зет шығару да оңай іс емес. «Осы газеттер кім­ге, неге керек?» дейтіндер де табылады. Та­­ра­лымы азайып, «шықпа жаным, шықпа­лап» отырған басылымдар қаншама, тіпті жа­былып қалғаны да жетерлік. Осы тұрғы­дан алғанда Túrkistan газетін уақыттың те­зі­нен оның әу баста берік қаланған негізі, мыз­ғымас абырой-беделі, мұқым түркіге ор­тақ қастерлі атауы мен басылым қызмет­кер­лерінің жанкешті еңбегі сақтап келе жа­тыр деп ойлаймын. 

Мереке құтты болсын, әріптестер!  

Қуат Әуесбай, 
Túrkistan халықаралық газетінің 
2019-2022 жылдардағы 
бас редакторы

Серіктес жаңалықтары