«Масқара»: Мадина Сәдуақасованың жаңа образы желіні шулатты

Желі қолданушылары эстрада жұлдызын сынға алды.

«Масқара»: Мадина Сәдуақасованың жаңа образы желіні шулатты
ашық дереккөз

Баян Мақсатқызының 50 жас мерейтойына барған әнші Мадина Сәдуақасованың образын желі қолданушылары сынап жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Сан түрлі образ ауыстыратын өнер иесінің бұл жолғы кейіпі оқырмандарының көңілінен шыға қоймаған көрінеді. Олар эстрада жұлдызын сынға алды.

«Мадина, стилистті өзгертіңізші», «Өте ерсі көрінеді», «Бұл санасыздық пен парасатсыздық», «Масқара», «Көйлегіңіз мүлдем ұнап тұрған жоқ», – деп жарыса жазды желі қолданушылары.