756
Қазақстан мергендер құрамасы Азия чемпионатында үздік үштікке енді
Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панарина үштігі құрлықтағы үздіктер қатарынан көрініп отыр.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәліметінше, Қазақстан жастар құрамасы «скит» жаттығуы бойынша Азия чемпионы атанды.
Құрама сапында Максим Почивалов, Ратмир Еникеев пен Илья Пеньков өнер көрсетті.
Айта кетейік, «Скит» жаттығуы бойынша жасөспірімдер арасындағы жекелей сында Илья Пеньков қола жүлдеге қол жеткізді.
Ал Қазақстанның әйелдер құрамасы «скиттен» командалық жарыста қола жүлдегер атанды. Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панарина үштігі құрлықтағы үздіктер қатарынан көрініп отыр.