Канвон-2024: ел қоржынына екінші медаль түсті

Ол 1000 метр қашықты 1:41,600 уақыт көрсеткішімен бағындырды

Канвон-2024: ел қоржынына екінші медаль түсті
Сәли Сабыров

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының екінші күні Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Шорт-тректен 1000 метр қашықтықта сынға түскен спортшыларымыз арасынан Полина Омельчук мәре сызығын үшінші болып кесіп өтіп, Қазақстан қоржынына қола медаль салды.

Ол 1000 метр қашықты 1:41,600 уақыт көрсеткішімен бағындырды.

Аталған сында бірінші және екінші орындарды қытайлық спортшылар Цзинцзы Ли мен Цзиньчжу Ян жеңіп алды.