12 күн бұрын жоғалып кеткен павлодарлық әйел табылды

Диана Сагинтаева 8 қаңтарда Қызылжар ауылындағы үйінен шығып, Павлодардағы жұмысына кеткен

12 күн бұрын жоғалып кеткен павлодарлық әйел табылды
instagram/poiskoviki_pavlodara_vita

12 күн бұрын жоғалып кеткен екі баланың анасы, Павлодар облысының 26 жастағы тұрғыны табылды. Бұл туралы VITA тергеу отряды Instagram-парақшасында айтты, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Баршаңызға рақмет! Полиция қызметкерлері тапты, аман", - дейді еріктілер.