Қалаған мөлшердегі зейнетақы алу үшін қанша ақша жинау керек – БЖЗҚ жауабы

Әрбір қазақстандық өзінің зейнетке шығуын жоспарлай алады

Қалаған мөлшердегі зейнетақы алу үшін қанша ақша жинау керек – БЖЗҚ жауабы
Ашық дереккөз

БЖЗҚ қазақстандықтарға ай сайын зейнетақы қорына қанша жарна салуын өзі таңдай алатын жаңа құрал шығарды. 2022-2026 жылдарға арналған корпоративтік стратегияның аясында ұсынылған бұл құрал жинақтаушыларға болашақ зейнетақысын басқаруға мүмкіндік береді, деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қордың мәліметінше, БЖЗҚ алдағы уақыттағы зейнетақыны жоспарлаудың жаңа құралы – жеке зейнетақы жинақ жоспарын енгізуді жоспарлап жатыр.

Қалыпты зейнетақы калькуляторларына қарағанда жаңа құрал алдағы уақытта алатын зейнетақы мөлшерін есептеп қана қоймай, сонымен қатар пайдаланушыға мынандай мүмкіндіктер береді:

қажетті зейнетақы мөлшеріне қол жеткізу үшін жарна мөлшерін өз бетінше анықтау;

автоматтандырылған хабарламалар арқылы жоспардың орындалуын бақылау.

Алдағы уақытта алатын зейнетақыны болжамды есептеу мыналарды қамтиды:

мемлекеттік бюджет есебінен төленетін зейнетақы (базалық зейнетақы және ынтымақты (еңбек) зейнетақы).

Мыналардың есебінен БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы:

БЖЗҚ-ға қызметкерлердің табысынан төленетін міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) 10%-ы;

Жұмыс беруші зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына БЖЗҚ-ға аударатын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МЗЖ) 5%-ы.

Қызметкер де, оның жұмыс берушісі де аудара алатын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы.

"Бұл қызмет салымшыларға өзінің алдағы уақытта алатын зейнетақысын жоспарлауға, жоспардың орындалуын бақылауға және кез келген уақытта түзетулер енгізуге бірегей мүмкіндік береді. Бұл – зейнетақы жинақтау саласындағы дараландыру мен ашықтыққа қарай жасалған қадам", - деп мәлімдеді "БЖЗҚ" АҚ өкілдері.