Сирек кездесетін шағыл мысығы фотоқақпанға түсіп қалды

Шағыл мысығының санына қарай аз аумақтарда ерекше қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген.

Сирек кездесетін шағыл мысығы фотоқақпанға түсіп қалды
mangystaumedia.kz
1135

Маңғыстау облысы мамандарының «фотоқақпанына» шағыл мысығы түсіп қалды, деп хабарлады turkystan.kz Mangystau Media басылымына сілтеме жасап.

Аталмыш жабайы жануар құмды, шөлді аймақтарда тіршілік ететін болғандықтан аз зерттелген. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы өкілдері шағыл мысығының санына қарай аз аумақтарда ерекше қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген.

«Маңғыстау облысының аумағында орнатылған фотоқұрылғыға шағыл мысығы түсті. Бұл жануардің дене тұрқы 40-52 см, салмағы 1,3-3,4 кг. Арқасы мен бүйірі құм түстес сарғыш, денесінде айқын емес қара жолақтары болады.

Құйрығының ұшы қара қоңыр, құлағы үшбұрышты келеді. Табандарындағы тарақ тәрізді қалың қылшықтары олардың құмда еркін жүруіне мүмкіндік береді. Ұсақ кеміргіштермен кейде бауырмен жорғалаушылармен, ұсақ құстармен және жәндіктермен қоректенеді», - деді басқарма өкілдері.

Серіктес жаңалықтары