Қуандық Бишімбаевқа тағы бір айып тағылды

Тергеушілер Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-тармағы бойынша қосымша іс қозғады.

Қуандық Бишімбаевқа тағы бір айып тағылды
Kazinform
6430

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің тағы бір бабы бойынша айып тағылды, деп хабарлады turkystan.kz  КТК арнасына сілтеме жасап.

Бишімбаев "аса қатігездікпен кісі өлтіру" ісі бойынша тергеуге алынған болатын. Енді, оған тағы бір айып тағылып отыр. Тергеушілер Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-тармағы, яғни "қинау" бойынша қосымша іс қозғады. Оны ішкі істер министрлігі де растап отыр.

Қосымша айып бойынша төрт жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру, ал "аса қатігездікпен кісі өлтіру" бабында 15 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал Нүкенова көз жұмған Гастро-орталықтың директорына қатысты тергеу аяқталды. Ол "Қылмысты жасырып қалу" бабы бойынша істі болып отыр. Қазір тараптар материалдармен танысуды бастап кетті.

Еске салсақ, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы "BAU" мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Кейін Ішкі істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.

15 қарашада өткен кеңесте Президент Қ.Тоқаев ІІМ-ге Бишімбаевтің ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары