2493
Әнші Алтынай Жорабаеваның қызына Нұрлан имам азан шақырып, есім қойды
Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Әнші Алтынай Жорабаева жақында бесінші сәбиін дүниеге әкелді. Нәрестеге Нұрлан имам азан шақырып, есім қойған, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Нұрлан ұстаз азан шақырып, Аминамыздың атын қойды. Нұрлан ұстаз жетінші күн дегенде «зерек болсын» деп қызымыздың шашын қиды. 40 күннен кейін қазағымыздың салт-дәстүрі бойынша шашын толық аламыз, - деп жазды ол.