Бокстан Италиядағы лицензиялық турнирге кімдер баратыны белгілі болды

Қазақстан командасының қоржынында Олимпиаданың бір жолдамасы бар

Бокстан Италиядағы лицензиялық турнирге кімдер баратыны белгілі болды
Sputnik / Владислав Воднев
1783

Бокстан Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын турнир Италияда өтпек. Команданың бас бапкері Мырзағали Айтжанов дүбірлі додаға кімдер қатысатынын айтты, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

29 ақпан мен 12 наурыз аралығында болатын турнирде әр салмақта жартылай финалға шыққан боксшылар өнер көрсетеді.

"Олимпиадаға іріктеу турниріне елдегі соңғы Спартакиаданың жеңімпаздары қатысады. Алты боксшыны жарысқа қосамыз. Ал Азия ойындарында жолдама мәселесін шешіп қойған Қамшыбек Қоңқабаевты жаттығу жиынына жіберуді ойластырдық", - деді Айтжанов. 

Ал Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Азиз Қожамбетов тек қана 63,5 келіде таңдау болатынын жеткізді.  

"Бұл салмақта Ертуған Төренов пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлының біреуі баруы мүмкін", - деді ол. 

Серіктес жаңалықтары