Қазгидромет синоптиктері 12 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз, құбылмалы сипаты сақталады.
Жауын-шашын (көбіне қар) жауады.
Ел бойынша тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болжанады, - делінген хабарламада.