Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істей алады

Сондай-ақ оларға тең еңбек жағдайлары мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істей алады
ашық дереккөз
1337

Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа тұра алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік өкілдері Оңтүстік Кореядағы әріптестерімен онлайн-форматта келіссөздер өткізді.

"Келіссөз барысында Қазақстанды Оңтүстік Кореяның "Employment permit System" жүйесіне енгізу мәселесі талқыланды. Бұл қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуға, сондай-ақ оларға тең еңбек жағдайлары мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген ресми хабарламада.

Онлайн кездесуге көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев, Корея Республикасы еңбек және жұмыспен қамту министрлігінің шетелдік жұмыс еңбегі жөніндегі басқармасы директорының орынбасары Мюнг Сунг Хон қатысты.

Айта кетері, Қазақстанда "Employment permit System" жүйесі аясында кореялық дайындық орталығын ашу жоспарланып отыр. Сол жерден қазақстандықтар заңды түрде жұмысқа орналасу шарттарымен таныса алады.

Серіктес жаңалықтары