1876
«Біз саған сенеміз»: Тамара Асар ұлын туған күнімен ерекше құттықтады
Тамара Асар желіде ұлына әсерлі жазба арнады
Әнші Тамара Асар ұлын жаңа жасымен құттықтап, желіде әсерлі жазба арнады , деп хабарлады turkystan.kz.
«Жап-жарық болып жарқыраған жүрегім! Ақ Қамбар, Ақтаңдар туған күнің құтты болсын! Маңдайың жарқырап, бағың өрлей берсін. Сен менің бақытымның бастауысың. Шүкірімнің шүкірісің, пікірісің. Ақылшымсың! Рахмет жарығым! Жігіт деген жалауыңды биік ұста. Біз саған сенеміз! Мықты денсаулық, адалдық, қанағат, мақсат, ақыл, әрекет, еңбек, сабырлы ой. Несібесі мол өмір тілейміз өзіңе! Адал сүт емген, мінезі көркем, салмақты, сөз түсінетін, өзіңді қатты сүйетін адал жар тілейміз саған! Сенің тойыңды қызықтауды жазсын», - деп жазды Тамара Асар.