Ақтөбеде тұрғындар хлордан уланып қалған

Ақтөбеде жұмысшылар кәріз желісін тазартқанда тұрғындар уланып қалған.

Ақтөбеде тұрғындар хлордан уланып қалған
Ашық дереккөз
918

Ақтөбеде тұрғын үй кешендерінің бірінде адамдар хлордан уланып қалды, деп хабарлады turkystan.kz «КТК» арнасына сілтеме жасап.

Ғимараттың кәріз желісін тазартқан жұмысшылар химиялық қоспаны артығымен сепкен. Соның кесірінен тұрғындар жаппай жөтеліп, тынысы тарылғандарға жедел жәрдем шақыртуға тура келді.

«Алтын орда» ықшам ауданындағы «Баян сұлу» деп аталатын бұл кешеннің тұрғындары түнді далада өткізді. Пәтерлерді хлор иісі алып кетіп, үйде қалу мүмкін болмаған. Жедел жәрдем жағдайы ауыр екі тұрғынды ауруханаға алып кетсе, таң атқанда бір бала дәрігерлер көмегіне жүгінген. Тұрғын үй кешеніне жауапты компания өкілдері күні кеше кәріз құбыры бітеліп, соны тазалағанын айтады. Жертөледегі күлімсі иісті жою үшін хлор сепкен екен. Ол ылғалды жерде бу болып көтеріліп, тұрғындарды улаған. 

Хлор газын адам көп мөлшерде жұтса, өміріне қауіп төндіреді дейді мамандар.

Уланған екі әйелді жедел жәрдеммен әкелді. Хлор буынан уланған деген диагнозбен медициналық жедел жәрдем ауруханасына, токсикология бөліміне жеткізді. Өкпеге әсері болады. Көп мөлшерле өмірге өте қауіпті,- дейді Ақтөбе облысы жедел жәрдем бекетінің бас дәрігері Марат Жанқұлов.

Серіктес жаңалықтары