Белгісіз жыртқыш Қостанай облысында қойларды қырып кеткен

Адамдар қазір күн батқанда көшеге шығуға да қауіптенетін болыпты.

Белгісіз жыртқыш Қостанай облысында қойларды қырып кеткен
egemen.kz
879

Қостанай облысының Ұзынағаш ауылында белгісіз жыртқыш бір үйдің қорасына түсіп, қойларын қырып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Qazaqstan арнасының мәліметінше, барлығы тоғыз ұсақ мал қырылған. Жаралылары да бар. Жергілікті тұрғындар мұны ауылдағы қаңғыбас иттерден көріп отыр. Себебі бұл өңірден соңғы кездері ешкім түз тағысын байқамаған және малға қасқырдың тісі тигенге ұқсамайды.

«Күзден бері мұндай жағдай осымен үшінші рет болып отыр», - дейді ауыл әкімі.

Адамдар қазір күн батқанда көшеге шығуға да қауіптенетін болыпты.

«Қаңғыбас иттер бос жүрген ауылда бар. Үйді-үйді аралап иттерің байлап ұстауларын айтамыз. Осы жағдайды аудандағы ветеринарларға хабарладық. Бірақ олар «атуға рұқсат жоқ, ештеңе істей алмаймыз» деді», – деп айтты  Қарақоға ауылдық окруігінің әкімі Тілеуғабыл Дүйсенов.

 

 

Серіктес жаңалықтары