Павлодарда жоғалып кеткен 21 жастағы қыз іздестірілуде

Үйден шығып кеткен бойжеткен қайта оралмаған

Павлодарда жоғалып кеткен 21 жастағы қыз іздестірілуде
NUR.KZ

Павлодарда 21 жастағы қыз жоғалып кетті, деп хабарлады turkystan.kz pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Vita» іздестіру тобының мәліметінше, 8 қаңтар күні Лесозавод шағын ауданының Грушевая көшесі, 1 мекенжайынан шыққан 21 жастағы қыз қайтып үйіне келмеген. Бойы – шамамен 150 сантиметр, дене пішімі арықша келген, қара шашты, қоңыр көзді. 

«Оның үстінде ұзын қара куртка, джинсы, қара бас киім қызғылтсары белгісі бар, сұр кеңжейде, қара угги аяқкиім болған», – дейді еріктілер. 

Айта кету керек, жоғалған қыздың мұрнында мең бар. 

«Жоғалған қызды көргендер болса, 8(747) 615-55-63 нөміріне немесе 8(777) 334-82-01 нөміріне хабарласа алады», – делінген хабарламада.