Алматыда ер адам 2 ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

Оқиға бейсенбі күні жалдамалы пәтерлердің бірінде болған.

Алматыда ер адам 2 ұлын өлтірді деген күдікке ілінді
ашық дереккөз

Алматылық азамат екі ұлын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлады turkystan.kz.

Azattyq Ruhy сайтының мәліметінше, айыпталған ер адамға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.

БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға бейсенбі күні жалдамалы пәтерлердің бірінде болған. Әжеcінің қарауында болған балаларды әкесі ауруханаға апарамын деп алып кеткен. Балалардың үлкені 5 сыныпта, кішісі 2 сыныпта оқыған. 

«Алмалы аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сараптама тағайындалды. Жағдайлар анықталып жытыр», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.