ТЖ қызметкерлері бір тәулікте 43 адамды құтқарды

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

ТЖ қызметкерлері бір тәулікте 43 адамды құтқарды
Ашық дереккөз

Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 152 шақыртуға шықты. Оның 73-і өрт оқиғасы, 79-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа жағдайлар, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде 43 адам құтқарылып, эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырды. Абай болыңыз! Біз үшін әрбір өмір маңызды!, - делінген ТЖМ хабарламасында.