Талдықорғандағы екі адамның өліміне қатысты тың дерек шықты

Зейнеткердің көршілері марқұмның аса қатыгездікпен азапталғанын және ұлы екеуін малша бауыздап кеткенін айтады.

Талдықорғандағы екі адамның өліміне қатысты тың дерек шықты
Ашық дереккөз

Талдықорғандағы жер үйлердің бірінен аса айуандықпен өлтірілген екі адамның өліміне қатысты тың дерек шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

BAQ.KZ сайтының мәліметінше, жантүршігерлік оқиға 5 қаңтар күні болған. 72 жастағы зейнеткер мен оның 52 жастағы ұлының денесін қонақтан қайтқан немересі бірінші болып көрген.

Оқиға орнына келген полиция өкілдері марқұмдар бірнеше жерден салған пышақ жарақатынан кейін қайтыс болуы мүмкін деген болжам жасаған. Алайда зейнеткердің көршілері марқұмның аса қатыгездікпен азапталғанын және ұлы екеуін малша бауыздап кеткенін айтады. 

Қылмыс орнында арнайы сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық іс адам өлтіру бабы бойынша қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу құпиясына сәйкес жариялауға жатпайды, - делінген Талдықорған полициясы таратқан мәлімдемеде.