30 градус аяз: алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды

Солтүстікте 5-30 градус аяз болады.

30 градус аяз: алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды
ашық дереккөз
6604

Қазгидромет синоптиктері 6-8 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

«6 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде қалың қар, оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады. Ал 7-8 қаңтар күндері солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қалың қар түседі», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ республиканың солтүстік жартысында көктайғақ пен боран болжанып отыр. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

«Батыста, солтүстік-батыста, солтүстік және шығыста солтүстік-батыс антициклон жотасының суық ауа массалары енуіне байланысты температура күрт төмендейді», – делінген хабарламада.

Батыста және солтүстік-батыста түнгі уақытта 8-25 градус аяз, солтүстікте 5-30 градус аяз, ал республиканың шығысында 5-18 градус аяз күтілуде.

Оңтүстік өңірлерде түнде 5 градус аяз және 7 градус жылы болады.

Серіктес жаңалықтары