2023 жылы нәрестелерге қойылған ең танымал 10 есім анықталды

Қыздарға ең жиі қойылған 10 есім тізімі өзгеріссіз қалған.

2023 жылы нәрестелерге қойылған ең танымал 10 есім анықталды
ашық дереккөз

2023 жылы нәрестелерге ең көп қойылған есімдер 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ, деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қыздарға ең жиі қойылған 10 есім тізімі өзгеріссіз қалса, ұлдар арасында Хамза есімі Рамазан есімін ығыстырып, алғашқы ондыққа кірді.

2023 жылдың танымал 10 есімі:

- Ұлдар арасында Алихан, Омар, Амир, Алдияр, Айсұлтан, Алан, Али, Нұрислам, Мухаммад, Хамза есімдері көп қойылған.

- Қыздар арасында Медина, Айша, Айлин, Асылым, Сафия, Томирис, Раяна, Амина, Аяла, Айым есімдері көп қойылған.

Аталған тізімді 2013 жылмен салыстыратын болсақ, Алихан, Амир және Нұрислам есімдері ұлдар арасында әлі де танымал. Қыздар арасында Айша мен Амина есімдері соңғы он жылдағы әлі де жиі қойылатын есімдер қатарында.