Бір қолымен жілік сындырған әйел желі қолданушыларын таңқалдырды

Желі қолданушылары келіншектің бұл әрекетіне тәнті болды.

Бір қолымен жілік сындырған әйел желі қолданушыларын таңқалдырды
Видеодан кадр

Бір ғана жұдырықпен жілікті екіге бөлген әйелді желі қолданушылары қызу талқылауда. Бұл сәттің видеосы ТікТок-та пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Otyrar.kz сайтының мәліметінше, автор бейнежазбаға әзілдеп «Қауіпті әпке» деп жазып қойған. Видеодан бірнеше ер адамның ортасында отырған әйел қолына шашықты орап, алдында жатқан жілікті бір соққымен екіге бөліп тастайды. Оны көрген туыстары қол шапалақтап, ерекше таң қалысады. Видео кейіпкерінің өзі де мұндайды күтпесе керек, қуанышын жасыра алмайды.

Желі қолданушылары да жас келіншектің  бұл әрекетіне тәнті болды.

«Жарайсың, қарындасым. Екінің бірінің қолынан келе бермейді», «Қазақтың қыздары осындай болу керек», «Қызымыз палуан екен», «Өзі де сенбей қалды ғой. Тамаша», – деп жазды желідегілер.

Автордың жазуынша, видео Астана қаласында түсірілген.