Маңғыстау облысында 21 жастағы жігітті атып кетті

Жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Маңғыстау облысында 21 жастағы жігітті атып кетті
didar-gazeti.kz
1710

2 қаңтар күні сағат 21:04 шамасында Құрық ауылының 2002 жылы туған тұрғыны оқ жарақатымен Қарақия аудандық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлады turkystan.kz.

Mangystaumedia.kz сайтының мәліметінге, жігіт ауыр халде санитарлық авиациямен облыстық ауруханаға жеткізілген.

«Жәбірленушінің жақсүйегі мен сүйек қуысы сынған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр», – делінген хабарламада.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды. Құрық ауылы тұрғындарының айтуынша, 21 жастағы жәбірленуші отбасындағы жалғыз ұл.

Серіктес жаңалықтары